Елорда саябақтарында профилактикалық рейдтер өтіп жатыр

0

Елорда саябақтарында профилактикалық рейдтер өтіп жатыр

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау бойынша рейдтер тұрақты түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы барлық ауданның саябағы мен демалыс орнында тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндіріліп жатыр. Кезекті рейд Байқоңыр ауданындағы Ататүрік саябағында өтті.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғам тәртібін бақылап, демалушыларға түсіндіру жүргізді. Тұрғындарға саябақ аумағын ластамау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау, гүлзарлар мен жасыл желекке ұқыпты қарау керек екені айтылды. Сонымен қатар экология мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпарат жадынамалары таратылды.

Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшы орынбасары, полиция майоры Абзал Әбілдаевтың айтуынша, тазалықты сақтау – әр азаматтың жеке жауапкершілігі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рейдтерді тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Негізгі мақсатымыз – тұрғындар мен қала қонақтарының табиғатқа және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауына ықпал ету. Саябақтар мен демалыс орындарының тазалығы – қаланың көркі. Сондықтан тазалықты сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екенін түсінуіміз қажет», – дейді полиция майоры.

Оның айтуынша, түсіндіру жұмысына қарамастан, кейбір азаматтар ескертулерге бейжай қарап, қоқысты арнайы жәшіктерге тастамайды. Сонымен бірге саябақтарда пикник ұйымдастырғаннан кейін қоқыстарын жинамай кететін жағдайлар да кездеседі.

Тазалық мәдениетін қалыптастыруда тұрғындардың өз жауапкершілігі де маңызды. Алматыдан елордаға қонаққа келген Айман есімді тұрғын Ататүрік саябағында немерелерімен күн сайын серуендейтінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.