Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған жамбылдық спортшыларды марапаттады.Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетті.
2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен дүбірлі додаға 43 спорт түрінен 113 елдің 3 мыңға жуық спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, 74 жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Бұл жетістікке Жамбыл облысының спортшылары да лайықты үлес қосты. Ұлттық құрама сапында сынға түскен 22 жерлесіміз 8 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел қоржынына барлығы 26 медаль салды.
Өңір басшысы спортшылар мен бапкерлерді айтулы нәтижемен құттықтап, олардың жетістігі қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті.