ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ЖЕҢІС КҮНІН АТАП ӨТТІ

0

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел шебін күзетіп жүрген – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі. Айтулы күнге орай Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы аудандық бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығымен бірлесіп, «Өмір негізі – денсаулық, денсаулық негізі – спорт» атты эстафеталық сайыс ұйымдастырды. Өз қабілет-қарымдарын сынап сайысқа түскен балалар тартысы ойын көрсетіп, барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Оңалту орталығының ұжымы бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығының директоры Е.Ақпаевқа және жалпы ұжымға үнемі қолдау, демеушілік көмек көрсетіп тұратындарын тілге тиек етіп, алғыстарын жеткізді.
Ал «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне орай мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығында «Ұлы жеңіс жасасын!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Ғимараттың іші мереке тақырыбына сай безендірілді, ерекше форматта өтті. Орталық мамандары тәрбиеленушілерге әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен жеңіс жолында өмірлерін құрбан еткен батыр бабаларымыздың, таңнан қара кешке дейін тылда аянбай тер төккен апаларымыздың ерлігін әңгімелеп, тарих қатпарындағы бұл оқиғалардың ешқашан ұмытылмайтындығын айтты. Мерекеге орай ұйымдастырылған түрлі шараларға балақайлар белсене атсалысып, өз өнерін, білімін көрсетті. Балалардың осы мерекелік шаралардан ерекше әсер алғандары да байқалып тұрды. Кеш соңында барлығына сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.