«ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ»

0

Қазақстан үшін тәуелсіздік – тосыннан келген сый емес, бостандыққа ұмтылған халқымыздың қайсар рухының жеңісі. Бұл жеңіс бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екені анық. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтерді. Жарқын болашаққа қол созды.
Еліміздің егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен аптада «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Қазіргі жастардың көпшілігі салт-дәстүрімізді сыйлайтын, туымызды көкке көтеретін азаматтар. Олар елді дамыту жолында еңбек етуде. Арамызда мемлекеттік және өзге тілдерді жетік меңгеріп, заманауи тұлғаға айналған жастар да бар. Осындай жігерлі ұрпақ ел болашағын жарқын етері сөзсіз. Ал ел ертеңі ана тіліміздің мәртебесінің артуымен мерейлі болмақ. Осы тұста тұрғындардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру маңызды.
Ауқымы кең шараға қатысу үшін тұрғындардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. Диктант жазуға аудан тұрғындарының 30 пайызы қатысты: мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі мекеме қызметкерлері, колледж студенттері және жоғарғы сынып оқушылары белсенділік танытты.

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.