ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕКПЕ АЛАДЫ

0

Екпе салудың маңызын қордайлықтар бағамдап үлгерді. Пандемиямен күресте вакцинаның таптырмас құрал екенін тарих сан мәрте дәлелдегені де шындық. Бүгінгі таңда жалпы елімізде екпе салу қарқын алып, қазақстандықтар жаппай вакцина салдыруда. Ал, билік өкілдері медицина қызметкерлерімен бірігіп, екпе салуды тұрғындарға оңтайландыру мақсатында бірқатар шараларды қолға алған.

Мәселен, Қордай ауылының орталығындағы «Бауырхан» базары маңында халық көп шоғырланады. Сол орынға жылжымалы медициналық кешен жеткізіліп, екпе салуға ниет білдірген қордайлықтарға қызмет көрсетуде. Алып автобустың ішінде екпе салдырушы азамат қажетті құжатты толтырып, одан кейін вакцина салдыра алады. Оған барлық жағдай жасалған. Кешен ертеңге сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Қордайлықтарға ыңғайлы болу үшін осындай шараларды қолға алдық. Бүгінде жылжымалы кешенде 100-ден аса адам екпе салдырып үлгерді. Ал, вакцинаның екінші компонентін қордайлықтар орталық аруханаға барып, кестеге сәйкес салдыра алады. Қазір қордайлықтарға «Спутник V» және «Hayat-Vax»  вакциналары салынуда.  Вакцина салдырған азаматтарға екпе турасында, олардың бірінші және екінші кезеңі  жайында анықтама беріледі», — дейді Қордай аудандық орталық ауруханасының дәрігері Айдын Байбеков.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданымызға 12 400 доза  «Спутник V», 3700 «Hayat-Vax» және 104 «QazVac» жеткізілген. Бүгінгі таңда он бес мыңнан астам қордайлық екпе салдырып үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.