«МЕН ВАКЦИНА САЛДЫРДЫМ»

0

8 маусым күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мен вакцина салдырдым» акциясы аясында 10 жас азамат екінші мәрте вакцина салдырды.

 

«Вакцина алу әлемді шарлаған індеттен сақтанудың басты жолы болып табылады. Әрине, бұл ең бірінші кезекте өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қажет деп білемін. Сондықтан әр адам өзін, отбасын, әріптестерін ойлап екпе алғаны дұрыс деп есептеймін. Осылайша өзімнің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарай отырып, осындай қадам жасадым»- дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Р.Беделбаев.

Мекеме қызметкерлері вакцинациялаудың алдында міндетті түрде дәрігердің тексеріуінен өтіп, вакцинациялау алдында болу ықтималдылығы бар қарсы көрсеткіштерді анықтауға арналған сауалнама толтырып, коронавирустық инфекциялардың қаупі және коронавирустық инфекцияларға қарсы алдын алуға арналған вакцинациялаудан бас тартудың қаупі туралы ақпарат берді.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  қызметкерлері коронавирусқа қарсы ресейлік  «Спутник-V» және Qaz-Vac вакцинасын жыл басында бірінші мәрте қабылдап, қазіргі таңда аудан жастарымен бірге «Hayat-Vax» вакцинасын қабылдауда. Осы орайда барлық аудан тұрғындарын вакцинаны қабылдауға  шақырады.

 

Г.Демеуова, Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің

жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.