Гарнизонның жағдайы тексерілді

0

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов Гвардейск гарнизонын аралады.

 Қолбасшы әскери бөлімдердегі казармаларды және сарбаздар асханасын қарады. Сарбаздардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, Мәтібұлақ полигонының далалық оқу-жаттығу сабақтарына дайындығын, әскери бөлімдердегі мамандық бойынша дайындық сабақтарының барысын тексерді.

Тексеріс барысында әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындықтың және әскери қызметтің қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері талқыланып, бөлім командирлеріне бірқатар міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, гарнизондағы офицерлер үйінде қолбасшы жеке құраммен әңгімелесті. Оған құқық қорғау органдары мен мекеме бастықтары және «Отар» ауылдық округінің әкімі қатысты.

Офицерлер үйінде өткен жиында гарнизон тұрғындарының тұрмыс-тіршілік жағдайын жақсарту мәселелері айтылды. Атап айтар болсақ, қалашықтағы санитарлық тазалық, дүкендердегі азық-түлік бағасы, әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, балалардың ойын алаңдары мен үйірмелері және қалашық тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен тағы басқа мәселелері талқыланды.

Шара соңында генерал-майор Қайдар Қарақұлов гарнизон бастығына бірнеше тапсырмалар берді.

 

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.