ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

0

Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әртүрлі. Гендер мәселесіне жан-жақты қарау қажет. Расында да, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағызорлық-зомбылықтың алдын алу сынды түйінді мәселелерді шешу, ер мен әйелдіқоғамның барлық саласында теңестіру – бұл әрбір мемлекеттің басты мақсаты.

 

Ал ер-азаматтарымыз әйел азаматтарымызға пана, қамқор, басқарушы. Сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқоршылықты жалқаулыққа айналдырмаса екен дейміз. Өйткені, елімізде әйел адамның бәрі бірдей өз құқығын біліп, өзін-өзі  қорғай бермейді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да сол себептен. Ең бастысы әйел адамның жаратылысы нәзік екенін  ұмытпауымыз қажет. Қазақтың есті әйелінің бейнесі қашанда мынандай. Ол  «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді». Гендерлік саясат – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік қоғамдық қызмет екендігі белгілі. Әйел құқығы – ол адам құқығы.  Гендерлік теңдік  әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді. Ең алдымен, ол бүгінгі күні ескірген түсінікті өзгертетін  және ер азаматтармен тең  дәрежеде өз мақсаттарына лайықты  қол жеткізуші азаматтың тамаша жаратылысы.  Гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары  Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің  тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты  Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі  ұлттық комисия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып саналады. Мемлекет басшысының гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге  алып келетіндігі сөзсіз.  Әйелдер өздерінің жеке басының  әлеуметі мен адами әлеуметін іске асыра отырып, әлеуметтік дамуының барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Оның бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететіні сөзсіз.

 

К.Қабылтай, Қордай аудандық соты әкімшісінің  бас маман-сот

отырысының хатшысы

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.