Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
- Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетіне орналастырылсын.
А.Сырлыбаев, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Г.Ниязгулова, хатшы