ИГІ ІСТІҢ БАСЫНА – ЖАҚСЫ КЕЛЕР ҚАСЫНА

0

Ауданда әрдайым қайырымды істердің басы-қасынан табылып, көпшілікке қол ұшын беруге дайын тұратын жомарт жандар жетерлік. Ал аймағымызда бірнеше жыл бұрын бастау алған «Жомарт түлек» жобасы осындай елжанды азаматтар қатарының артуына сеп болуда. Туған өлкесінің түлеуіне үлес қосып жүрген жерлестеріміздің бірі – «Көктөбе» ШҚ басшысы Нұрлан Бердібаев. Нұрлан Қалмұханбетұлы Көктөбе ауылындағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы негізгі мектептің түлегі. Сауапты істерге самалдай есіліп, тұлпардай көсіліп тұратын азамат жуырда өзі түлеп ұшқан мектепке қаржылай көмек көрсетіп, ал онда білім алатын оқушыларға қажетті оқу құралдарын алып беріпті. «Жомарт түлек» жобасы аясында көрсетілген қамқорлыққа мектеп ұжымы мен оқушылары дән риза. «Мектебіміздің түлегі Нұрлан Бердібаев жақсылыққа жаны құмар адам. Ол өзі оқыған білім ордасын ұмытпай, қамқорлығын аямай келеді. Бұған дейін де «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілік жасап, тұрмысы төмен отбасы балаларын мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен болатын. Мектеп ұжымының, ата-аналардың атынан алғыс айтамыз»,-дейді мектеп директоры Раиса Беликова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.