Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі құрылыс нысанындағы үрдістерді басқару үшін бірыңғай цифрлық алаңға айналады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Аталған жүйе ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге мүмкіндік береді.
«Осылайша, мемлекеттік банк платформасында тапсырыс берушілер құрылыс жобасының басқа қатысушыларымен өзара байланыс орнатып, құрылысқа дайындық үшін қажет сатылардан онлайн режимде өте алады», делінген ведомство хабарламасында.
Ақпараттық модельдер банкін «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр. «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыс процестерін барлық кезеңдерде онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ал, «Е-Шаңырақ» платформасы — тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, құрылыс саласында мониторинг пен талдау жасайтын субъектілердің бірыңғай жүйесі.
Көзделіп отырған жаңа IT-шешім құрылыс жұмыстарын жобалау барысында электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік банк сараптамалық қызмет үшін интеграциялық сервистер мен жүйенің жаңа модульдерін әзірлеудің белсенді кезеңінде. Жобаға қатысушылар салалық бизнес-процестерді, сонымен бірге техникалық талаптарды дайындау үшін деректердің құрылымын талдау жұмыстарына жұмылдырылған.
IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛЕДІ
Prev Post
Next Post