КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

0

«Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобы Сортөбе ауылдық округінде болып, көшпелі қабылдау өткізді.

Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, көшпелі қабылдаулар өткізу арқылы олардың проблемалық мәселелеріне назар аудару керектігін атап өткен болатын. Осыған орай, «Аmanat» партиясы Қордай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Сортөбе ауылдық округінде ұйымдастырылып, мамандар Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуына сүбелі үлесін қосты.
Айта кетсек, ауылда өткен іс-шараға партияның аудандық филиал басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Арнайы құрылған мобильді қоғамдық қабылдау тобы бұл күні 30-дан астам ауыл азаматтарының өтінішін тыңдап, бірқатарына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелер бақылауға алынды.
Мобильді қоғамдық қабылдау тобының жұмысы алдағы уақытта ауданның өзге де ауылдары мен шалғай орналасқан елді мекендерінде жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.