Салауатты өмір салтына қолдау

0

2026 жылдың алғашқы алты айында Қордай ауданында бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде аудан бойынша 372 спорт нысаны халық игілігіне қызмет көрсетуде. Оның ішінде 83 спорт залы, 1 бассейн, 1 стадион, 276 спорт алаңы және 11 спорт кешені бар. Барлық нысандар аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына қолайлы жағдай жасап отыр.

Алты айдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 67 331 адамға жетіп, халықтың 43 пайызын құрады.

Балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту бағытында да оң нәтижелер байқалады. Қазіргі таңда 9367 бала түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысып, бұл көрсеткіш балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 33,5 пайызын құрап отыр.

Жыл басынан бері ауданның спорт мекемелері мен спорттық нысандарында 226 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 17 820 адам қатысты.

Ауданда 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 3 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 93 жаттықтырушы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының спорт бағытында 26 жаттықтырушысы қызмет атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.