КӨКЕЙТЕСТІ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

0

Аудандық мәслихатта тұрақты комиссиялар отырысы өтті. Жиын барысында «Ауылдық елді мекендерге «Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 шілдедегі №12-6 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарды қамтамасыз ету туралы», «Ауданда қоқыс төгетін орындарды заңдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы», «Ауданның этномәдени бірлестіктердің қызметін қолдау туралы», «Ауданда еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жұмыс туралы», «Азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмыс туралы» жоспарлы мәселелер қаралды. Депутаттар әр сұрақ бойынша жауапты басшылардың ұсынған ақпараттарын тыңдап, өз ұсыныстарын айтты.

Мәселен, бірінші сұрақ бойынша сөз алған аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева 2022 жылға 18 жас маманға тұрғын үй алуға 82701,0 мың теңге, әлеуметтік қолдау шараларына 80 маманға 24504,0 мың теңге бөлінгенін жеткізді. Көтерме жәрдемақысын жоспар бойынша барлық мамандар түгел алса, тұрғын үй алуға 6-ақ несие берілген екен, себебі аудандағы үйлер мен пәтер бағасы бөлінген сомадан айтарлықтай айырмашылығы бар. Оған қоса несие алған кейбір мамандар несиені уақытылы төлемегендіктен олардан ақшаны сот арқылы өндіруге тура келеді.
Екінші сұрақ бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Амантаев 21 ауылда тұрмыстық қалдықтар полигондары қоршалып, эмиссияға рұқсатпен қамтамасыз етіліп, рұқсат беру қағаздары бар екенін жеткізді. Қалған ауылдарда кез-келген себептермен полигондар заңдастырылмаған, олардың басты себебі ауылдан полигондарға дейін арақашықтықтың сәйкес келмеуі, талаптарға сай арақашықтық 1 шақырымнан кем емес жерде орналасу керек, ал іс жүзінде олар 500 метр немесе одан аз арақашықтықта орналасқан. Депутаттар ауылда тұрғындар қоқыс тастайтын орындардың көп екенін атап, апатты қоқыс орындарына жол бермеу және оларды жою бойынша шара қабылдауды ұсынды.
Келесі сұрақ бойынша ақпарат ұсынған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Үрүстемов этномәдени бірлестіктер қоғамдық ұйым болып табылатынын, аталмыш ұйымдарда азаматтар Қазақстан аумағында тұратын азаматтар туған тілін, мәдениетін, этникалық қауымдастықтардың дәстүрлерін дамыту үшін бірігетінін атап өтті. Ауданда «Шаңырақ» қазақ, «Отечество» славян, «Вайнах» шешен-ингуш, «Әзери» әзірбайжан, «Йинпан» дүнген, «Ахыска» түрік этномәдени орталықтары тіркелген болса, қазіргі таңда күрді және татар этномәдени орталықтары тіркелу үстінде. Этномәдени бірлестіктер барлық мерекелік іс-шараларға қатысып, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, сонымен қатар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша жұмыс атқаруда.
Келесі кезекте қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлім басшысы Нұржан Мелдебеков мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жайын баяндады. Биылғы жылы көктемде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарына сай әскери қызметке 154 адам жолданса, күзгі науқан бастала салып 10 адам жіберілген. Халық қалаулары ауылдық округтерде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ әскери қызметке шақыру бойынша қоғамдық ұйымдардың ықпалын пайдалана отырып, олармен өзара іс-әрекетті тура жолға қоюды ұсынды.
Содан кейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Расул Беделбаев еріктілер кім екенін, олардың қызметін түсіндіріп өтті. Бүгінгі күнге аудан орталығында және ауылдық округтерде 220 еріктілер қоғамдық жұмыстарға және әртүрлі шараларға белсене қатысуда, олардың қатысуымен 128 іс-шара ұйымдастырылған. Еріктілер әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларға нақты көмекке бағытталған, олар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға, көпбалалы отбасыларға үй шаруашылығында көмек көрсетеді. Дегенмен, атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, ауданда волонтерлік қоғамдық бірлестігі жоқ, ол тек қана облыс орталығында бар. Сондықтан еріктілер қызметінде жүйелілік жоқ, сондай-ақ олардың еріктілер екенін білдіретін құжаттары мен формалары жоқ. Депутаттар атқарылып жатқан жұмысты қолдап, еріктілер күш-жігерлерін ауданда экологиялық волонтерлікті дамытуға жұмсап, аумақтарды абаттандыруға қатысып, рухани-мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау бойынша «Асыл мұра» бағытын дамытуды, жануарларды қорғап, дене шынықтыру, спорт және бос уақытты белсенді өткізуді дамыту мен дәріптеуге қатысуды ұсынды.
Қаралған сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.