Көлік жүргізушілері мен мал иелері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстауы қажет

0

Қордай ауданы халық саны көп шоғырланған аудандардың бірі. Аудан арқылы Қырғыстан Рес-публикасы мен Алматы, Тараз, Шу қалаларына апаратын республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез», «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автожолдар өтеді. Аталған жолдардың бойында ауылдық округтер (Қордай, Қасық, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ, Алға, Отар) орналасқан.
Аталған округтердегі тұрғындардың көбі мал шаруашылығымен айналысады.
Жолға мал айдау жүргізушілер үшін қауіпті жағдай болуы мүмкін. Бұл автокөлікке ғана емес, жүргізуші мен жолаушылардың өзіне де зақым келтіру қаупі бар.
Баршамызға белгілі аталған округтердің маңында күндіз және түнгі мезгілдерде жануарларды көлікпен қағып кету фактілері көптеп орын алып жатады. Нәтижесінде малдың да, көлік жүргізуші мен жолаушылардың да қазасына алып келуде.
Мұндай жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында көлік жүргізушілер мен малдың иелері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстауы қажет.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 615 бабына сәйкес:
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп мопедтердi, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
Құрметті аудан тұрғындары! өздеріңізге тиесілі мал жануарларын, әсіресе, түнгі мезгілде қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Қордай ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.