ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

Қордай ауданының білім беру жүйесін дамытып, іске асыруға 2023 жылға 27 млрд 875 млн 869 мың теңге жоспарланған (2020 жылы – 18 млрд 481 млн 526 мың теңге, 2021 жылы — 19 млрд 809 млн 550 мың, 2022 жылы — 25 млрд 801 млн 269 мың теңге).
Ауданымызда білім беретін 47 мемлекеттік мектепте 29740 (қазақ тіліндегі — 21 мектеп, аралас тілдегі — 24 мектеп, орыс тіліндегі — 2 мектеп) оқушы және 18 бастауыш жекеменшік мектепте 2191 оқушы және сырттай оқыту мектебінде 377 оқушы білім алады. Барлығы 31931 оқушы. Биылғы жаңа 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа 2857 оқушы қабылданды. Оның ішінде 2077 оқушы қазақ сыныбына, 780 оқушы орыс сыныбына.
Ауданда жалпы 68 мектепке дейінгі мекемелер бар, оның ішінде 63 балабақшада 8025 бала тәрбиеленуде. Олардың 19-ы мемлекеттік балабақшалар, онда 2540 бала, 44 жекеменшік балабақшада 5485 бала және 5 шағын орталықта 221 бала. Ауданда 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі – 97,7% құрайды.
Биылғы оқу жылында ерекше білім алуды қажет ететін 900 бала анықталып, олардың 847 (94%) біліммен және тәрбиемен қамтылды.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізу және олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында аудандағы 9 мектептен тыс білім беру мекемелерінде 7329 оқушы қосымша біліммен қамтылған.
Бүгінгі күнде ауданымыздың білім беру ұйымдарында 2855 педагог жұмыспен қамтылған. Оның 46-ы жоғары, 116-ы бірінші, 145-і екінші, 873-і педагог-модератор, 925-і педагог-сарапшы, 441-і педагог-зерттеуші, 36-ы педагог-шебер, 273-інің санаты жоқ. Педагогтерге үздіксіз әдістемелік көмек көрсету мен кәсіби біліктіліктерін арттырудағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа форматтағы аттестаттаудан 2855 педагогтің 77% өтіп, сертификатталды.
Өкінішке орай, ауданымызда жалпы 105 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның ішінде: 83 бала жетім, 18 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 4 бала патронаттық тәрбиеленуде. 2022 жылы 13 балаға қорғаншылық тағайындалып, 3 бала асырап алынды. Сондай-ақ, сот шешімі негізінде 8 баланың 5 ата-аналары ата-аналық құқығынан айырылып, 4 бала туыстарының отбасыларына қорғаншылықпен белгіленіп, 1 бала Тараз қаласында орналасқан «Үміт» сәбилер үйіне және 3 бала балалар үйіне орналастырылды.
Аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6443 оқушыға мектеп формасын, оқуға арналған құрал-жабдықтар алуға облыстық және республикалық бюджеттен 240 млн 897 мың 327 теңге бөлініп, 1 балаға – 37389 теңгеден ата-аналарының дербес шоттарына аударылды. Одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 953 балаға демеушілер есебінен 23 млн 825 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. “Мейірім” жобасы аясында аудандағы басшы лауазымдарына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 105 балалар бекітіліп, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Отбасы банкінде» арнайы есеп шоттар ашылып, 3 млн 800 мың теңге көлемінде қаражат аударылды. Жиналған қаражатты бала кәмелет жасына толғаннан кейін өмірлік қажеттілігіне жұмсайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығына сай 2022-2023 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға бюджеттен 358 млн 041 мың теңге бөлініп, 15 баспадан 200 мың 510 дана оқулықтар алынды.
Қазіргі таңда тәртіпсіздік пен теріс қылық танытып, Қордай ауданының полиция бөлімінде барлығы 6 оқушы есепте тұр. Елді мекендер бойынша бөліп айтар болсақ, Қордай ауылында — 5 оқушы, Масаншы ауылында — 1 оқушы.
Қылмыс жасаған – 2 (оның ішінде ұрлық–2), сабаққа себепсіз бармау – 2, панасыз, қадағалаусыз қаңғыбастық – 2.
Мектепішілік есепке алынған оқушылар саны 32-ні құрап отыр. Аталған балалармен жұмыс жоспары құрылып, әлеуметтік-медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, аталған оқушылар спорттық, қолөнер, шығармашылық үйірмелерге тартылды. Мектеп директорларының құқықтық және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, мектеп мейірбикелері мен мектеп инспекторлары күнделікті жұмыс жүргізіп, бақылауға алып үй-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, оқушылар мен ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Орын алған оқиғалар бойынша білім бөлімі тарапынан мектеп жұмыстарын жандандыру табысталып, алдын алу шараларын күшейту талап етілді. Білім бөлімінің жоспарына сай алдын алу жұмыстарының орындалуы қатаң бақылауға алынды.
Аудан мектептерінің барлығы 100% интернетке қосылған. Дегенмен, Бел стансасы, Керу, Соғанды, Шарбақты, Бәйтерек ауылдарындағы мектептердің интернет желісі 4 мбит/с құрап, оқу процесіне кері әсерін тигізуде.
Ауданымыздың орталығында орналасқан 8 мектепке (№1 МГ, 2 ОМ, 3 ОМ, 4 МЛ, 5 ОМ, 6 НМ, 47 ОМ, 51 ОМ) 2021 жылдың тамыз айында 1 млн 40 мың теңгеге «Нұр-Дифенс Group» ЖШС күзеттік агенттігімен келісім-шарт құрылып, дабыл түймелері орнатылған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Han Security» ЖШС күзеттік агенттігімен 700 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, аудан орталығында орналасқан 5 («Айналайын» б/б, «Бөбек» б/б, «Ақмаржан» б/б, «Балдәурен» б/б, «Бәйтерек» б/б) балабақшалардың 2 дана және 7 (№1 МГ, 2 ОМ, 3 ОМ, 4 МЛ, 6 НМ, 47 ОМ, 51 ОМ) мектептердің 3 дана бейнебақылау камералары аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына қосылып, интернет арқылы интеграцияланды.
Қордай ауданындағы білім беру мекемелерінде антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі-сыртқы қауіпсіздігін күшейту мақсатында, барлығында бейнебақылау камералары орнатылған. Атап айтқанда, 47 мектепте 785 дана (сыртқы — 260 дана, ішкі — 525 дана), 783 дананың ішінде 705 аналогтық және 80 дана (2021 жылы 5 мектепке орнатылған) сандық бейнебақылау камералары, 20 мемлекеттік және 42 жеке меншік балабақшаларда 499 дана, 6 мектептен тыс мекемелерде 24 дана бейнебақылау камералары қалыпты жұмыс істеуде. Бейнебақылау камераларының барлығы аналогтық, ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды.
Қордай ауданының білім бөлімі террористтік тұрғыдан қорғалу мақсатында әрбір сынып бойынша сынып сағаттарын ұйымдастырып, ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша педагогикалық құраммен инструктаждар өткізіп, балаларды оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар пысықталған. Әр сыныптың қауіпсіз аймаққа қарай қозғалысы, жиналу орындары мен маршруттары бар.
Барлық қосалқы шығу жолдары тексеріліп, эвакуациялау белгілері жаңартылған. Жалпы оқу-жаттығуларға 25490 оқушы, 636 техникалық қызметкер мен 2086 педагог қамтылған.
2022 жылы білім бөлімінің нысандары бойынша үш мектепте күрделі жөндеу және 1 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда; Қордай ауданындағы 1290 орындық №1 ОМ, Қордай ауданы Степное ауылындағы 704 орындық №24 ОМ, Қордай ауданы Отар ауылындағы 1176 орындық №41 К.Әзірбаев атындағы ОМ.
Арал ауылындағы 180 орындық №25 негізгі мектептің құрылысы 2021 жылдың 27 сәуірінен 2022 жылдың тамыз айы аралығында жүргізілді.
Одан бөлек, 47 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге (әктеу, сырлау) 16 млн 905 мың 150 теңге бөлінді.
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінде оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды және апатты мектептердің проблемаларын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауын тапсырды. Осыған орай, аталған ұлттық жоба аясында Қордай ауданында үш мектеп құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда: Қордай ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысы, бөлінген жер көлемі — 3 га (2025 жылы пайдалануға беріледі). Каракемер ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы, бөлінген жер көлемі — 2 га (2024 жылы пайдалануға беріледі). Қарасу ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы, бөлінген жер көлемі — 2 га (2025 жылы пайдалануға беріледі).
2023 жылға келер болсақ, Қордай ауылындағы №2 М.Ломоносов атындағы орта мектепке, Қарасу ауылындағы №7 А.Пушкин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары және Бәйтерек ауылындағы 150 орындық №45 негізгі мектепке жаңа мектеп құрылысы жұмысы жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.