«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» ӘДІЛЕТ ҚҰТТЫБАЙ

0

«12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр жауһары» атты облыстық поэтикалық дуэль өткен болатын.

Ақындар арасында 1-кезеңде 8 жұп болып жұптасып өлеңдерін оқып бақ сынасып, одан кейін әділ қазылар алқасының шешімімен 4 жұп, яғни 8 ақын 2-кезеңге өтіп дуэльге шығатын ережесі бар байқауға тек мықтылар ғана қатысты. Жыр додасында жалпы 16 ақын бақ сынап, орындармен қатар «Үздік лирик ақын», «Үздік поэзия», «Үздік тармақ» және «Көрермен көзайымы» номинациялары берілді. Осылардың ішінде аталмыш байқауға қатысқан қордайлық жас ақын Әділет Құттыбай «Көрермен көзайымы» номинациясын қанжығаға басып келді. Болашағынан зор үміт күттіріп жүрген ақынымызға шығармашылық табыс тілейміз. Сонымен қатар, аталмыш байқауға қатысқан тағы қордалық ақын, Бетқайнар ауылының тумасы Ербол Тұрсынбаев Алғыс хатқа ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.