Керімқұл ақсақал газ қостырды

0

Жақында Кенен ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Керімқұл Қосақовтың үйі табиғи газ құбырына қосылды. Оны ардагердің өзі баяндап беріп, қуанышын жасырмай, басшылық өкілдерінің көрсетіп жүрген қамқорлығына алғысын айтты.

 

— Өткен жылы біздің ауылға газ құбыры тартылады дегенді естігенде барлығымыз қуандық. Бүгін міне, Президенттің тапсырмасы орындалып, Кенен ауылына да газ келді. Ауданда санаулы қалған ҰОС-ның ардагерінің бірі болғандықтан, маған газды тегін қостырып берді. Бұл үшін аудан әкімі Рүстем Дәулетке алғысым шексіз. Рүстем Рысбайұлы үнемі хал-жағдайымды сұрап, үйге жиі келеді. Әрдайым қамқорлық танытады. Бұл оның адами қасиетінің жоғарлығы және де тәрбиесінің жақсылығы деп білемін. Әзірше үйде тек газ плита ғана газға қосылды. Күзге қарай үйдің пешін қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырып беруді де уәде етті аудан әкімі. Барлық жақсылығына үлкен рақмет, — дейді Керімқұл Қосақов.

Жалпы «отар» зонасын газдандыру жоспарына сәйкес, 12 елді мекенге газ құбыры тартылды. Жұмыстарды 5 мердігер атқарып келсе, Кенен ауылында «Қазақ СМР» ЖШС көшелерге құбыр тартты. Мердігер өкілдерінің берген мәліметіне сүйенсек, Кенендегі 471 ауланың 373 ауласымен тиісті келісімшарт түзілген. Бүгінгі таңда 34 үй газға қосылып, абонент аталды. Бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасуда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.