КІМ МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ?

0

2024 жылғы 1 сәуірден бастап еліміздің мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау басталды.

Республикада 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныпқа тіркеу басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады, сондай-ақ өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет қабылдау орны бойынша білім беру ұйымдарында қағаз жеткізгіште де көрсетіледі.

Egov.kz арқылы өтініш беру кезінде:

-Порталда ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы немесе смс-пароль арқылы авторизациядан өту;

Басты бетте «Білім», одан әрі «Орта білім» бөлімін таңдау қажет.

-«Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» бөліміне өту;

-«Онлайн қызметке тапсырыс беру» қосымша парағына өту қажет;

«Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» өтінімінің түрін таңдап, телефон нөмірін, электрондық поштаны көрсету қажет. Әрі қарай өтініш кімнен берілетінін таңдау керек.

«Баланы таңдау» түймесін басып, пайда болған тізімнен мектепке баратын баланы таңдау.

Әрі қарай, оқу формасын, сыныпты, аймақты, ауданды, білім беруді ұйымдастыруды, оқыту тілін таңдау қажет.

-Өтінімді толтыру және баланың цифрлық фотосуретін, №065/у және № 052/у-2 нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу;

-Өтінімге ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).

Сондай-ақ Сіз «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін қалай алуға болатындығы туралы бейнероликті мына сілтеме бойынша көре аласыз: https://youtu.be/a3mfnGjELcc.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы әр балаға бір ғана өтінім бере алады (бір оқу орнына), мектепке қабылдаудан бас тартқан жағдайда ғана басқа мектепке қайта өтінім беруге болады (сынып-жиынтықтар толып кеткен және Үлгілік қағидаларда белгіленген өтініш беру мерзімдері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші (мектеп) өтінішті қабылдаудан бас тартады).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу керек.

1-сыныпқа қабылдау туралы оң шешім алған кезде мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:

-баланың ата-анасынан немесе басқа заңды өкілдерінен өтініш;

-өтініш берушінің (заңды өкілдің) жеке басын куәландыратын құжат;

-өлшемі 3х4 см фотосурет, екі дана;

052-2/у және 065/у нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат.

Орта білім беру ұйымдары бірінші кезекте мектептің шағын учаскесінде тұратын балаларды қабылдайды. Өтініш берушінің қай шағын учаскеге жататынын аудандық білім бөлімінің веб-порталында анықтауға болады. Порталдың басты бетінде «Шағын учаскелер картасы» мәзір бөлімінде, тіркелу немесе тұру мекенжайын көрсетіп, «Іздеу» бөліміне өту және қарасты білім беру ұйымын анықтау қажет.

Еgov.kz арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, қағаз форматында өтініш беруге болады.

Өтінімді қағаз форматта берген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

3) медициналық анықтамалар (№065/у формасы — «Профилактикалық егу картасы» және № 052-2/у формасы — «Бала денсаулығының паспорты»);

4) өлшемі 3х4 см баланың фотосуреті — 2 дана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.