КУРСАНТТАР ІС-ЖҮЗІНДЕ АТУ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУДА

0

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу орталығының курсанттары БМП-2 жаяу ұрыс машинасының қару-жарағынан бақылау ату жаттығуын орындауда.

Кіші мамандар даярлайтын мотоатқыштар әскерлері әскери мектебінің көздеуші-оператор лауазымындағы курсанттар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес БМП-2 жауынгерлік ұрыс машинасының қару-жарағынан 1-ші бақылау ату жаттығуын орындады. Жаттығуды орындау барысында 30мм калибрлі зеңбіректен ұзақтығы 1200 шақырымда орналасқан нөмірі 14-ші БМП нысанасын және 7,62мм ПКТ пулемётімен 500 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 9-шы қол танкіге қарсы граната атқыш нысанасы мен 900 шақырым ұзақтықта орналасқан нөмірі 17а автокөлік қозғалысындағы шегінусіз зеңбірек нысаналарын жойды.
Жеке құрам ату жаттығуын орындау алдында теориялық және іс жүзінде білімдерін арттырып, нормативтер мен ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ курсанттар ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен жаттығу шарттарын меңгеріп, оларға бақылау ату жаттығуын орындауға рұқсат берілді. Курсанттар бақылау ату жаттығуы барысында білімдерін шыңдап, дағдыларын жетілдірді. Ату кезінде олар жеке жауынгерлік міндеттерін пысықтай отырып, нысанаға дәл көздеп атуды үйренеді. Яғни теорияда алған білімдерін іс жүзінде сынап көреді.
Рота командирі ұлан капитаны Рашид Валиев ату сабағының соңында қорытынды жасап, үздік көздеуші-оператор мен экипаж құрамын мараппаттады.
– Біз қазіргі уақытта оқу полигонында бірінші бақылау ату жаттығуын жүріп және жаяу ұрыс машинасымен пайда болатын қозғалмалы нысаналарға ату сабақтарын жүргізудеміз. Біздің негізгі мақсатымыз сарбаздарға ұрыс тактикалық іс-шараларын үйретіп, кез келген жауынгерлік тапсырмаларға бейімдеу. Біздің оқытқан курсанттар алдағы уақытта жауынгерлік әскери бөлімдерде жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін, – дейді взвод командирі ұлан аға лейтенанты Аспандияр Сапар.
Кіші мамандар даярлайтын оқу орталығының курсанттары алты ай көлемінде әскери мамандық бойынша білім алып, әрі қарай қызметтерін жалғастыру үшін Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне жіберілетінін айта кеткен жөн.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.