МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0

Елімізде жыл сайын 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі. Айтулы күнге орай өткен жұмада аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандарды төл мерекесімен құттықтай келген аудан әкімі Мәден Мұсаев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов сала қызметкерлерінің ауданның мәдениет саласын дамытудағы табанды еңбегін ерекше атап өтіп, мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Қордай өлкесі – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені. Боз даланың бозторғайы атанған Кенен атамыз, халық әртісі Дәурен Әбіров, сазгер Өмірбек Байділдаев, жазушы Несіпбек Дәутай мен Марал Ысқақбай, Мұрат Құсайынов, Саят Медеуов, Мақсат Базарбаев, Айгүл Иманбаева сынды эстрада жұлдыздары мақтанатын Қордай елінің киелі сахнасында бүгінде Қарлығаш Көпесқызы, Зияш Еркебекқызы, Күміскүл Егіншіқызы секілді жерлестеріміз қазақ өнерінің рухын көтеріп, аудан жұртшылығына шексіз қуаныш сыйлап келеді. Маңызы жоғары кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.