Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Қордай ауданы, Степной ауылдық округіне қарасты Арал ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Арал ауылында 1280 тұрғын тұрады. Аталған медициналық нысан ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын «ТаразЭлитСтрой» мердігер компаниясы жүргізуде. Жобаға сәйкес, нысанды жаңғырту жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылуда.
Жөндеу жұмыстарын 2026 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи талаптарға сай толық жаңғыртылып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы едәуір артады деп күтілуде.
Сонымен қатар, нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалмақ. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.
Сержан Назарбек жұмыс барысын бақылауда ұстап, мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды тапсырды.