МЕКТЕП — МҰҒАЛІМІМЕН ҚҰНДЫ

0

Дәстүр бойынша қазан айының бірінші жексенбісі мұғалімдерге, алғашқы ұстаздарға, сынып және ғылыми жетекшілеріне арналады.
Сейсенбі күні аудан әкімі Мәден Мұсаев Ауқатты ауылындағы 9 орта мектебінің мұғалімдерімен кездесіп, оларға Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтың құттықтауларын жеткізіп, арнайы Құрмет грамотасымен марапаттады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында білім беру саласына аса назар аударады. Бұл әрбір педагогқа үлкен жауапкершілік арттырады. Мұғалім мамандығы әрдайым құрметті мамандықтардың бірі болып қала береді. Болашағымызды тәрбиелеген сіздер қоғамның дамуына елеулі үлес қосып келесіздер, — деді өз сөзінде Мәден Тоқтарбайұлы.
Ашық сұхбат ретінде өткен кездесу барысында мектептің жетістіктері тілге тиек болып, алдағы уақытқа жоспарлар белгіленді. Кездесу барысысында мұғалімдер мектеп мепн ұстаздар жетістіктері туралы айтып берді. Айта кетсек, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осы мектепте білім алған. Білім беру мекемесі директорының айтуынша, мектеп түлектері облыс пен ауданның әртүрлі салаларында жұмыс атқарып жүр. Олардың ішінде мақтан тұтатын спортшы, суретші, дәрігерлер де баршылық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.