ҚОРДАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАР ДУБАЙДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0

Болашақ ұрпаққа берілетін негізгі білім мен тәрбиенің тұтқасы ұстаздарда болғандықтан білім саласы қызметкерлеріне қойылатын талап та жоғары. Сол себепті ұстаздар қауымы заман көшіне ілесе, үнемі кәсіби біліктіліктерін арттырып, жаңашылдыққа ұмтылып жүреді. Бұл ретте қордайлық мұғалімдердің де атқарып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктері жоқ емес.

Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебінің шет тілі пәні мұғалімдері Ерниязова Гульчехра Муратовна мен Игібаева Әсем Жұманқұлқызы 2024 жылдың 30 наурызы мен 2 сәуірі аралығында білім беру саласының қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған Халықаралық «ХХІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласына барып, 108 сағаттық семинарға қатысып келді. Халықаралық шара барысында ауданымыздың ұстаздары «Функционалдық сауаттылық» тақырыбында баяндамаларын қорғап, жүлделі І орынға ие болды. Бірқатар мемлекеттердің бетке ұстар мұғалімдері бас қосқан семинарда жаңа білім, мол тәжірибе жинақтап, әрі жүлдемен оралған қордайлық қос ұстазды жетістіктерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.