«Музейге сый тарту» акциясы басталды

0

Аудандық тарихи-өлкетану музейі өзінде сақтаулы жәдігерлерді көбейту мақсатында жыл сайынғы «Музейге сый тарту» акциясын жариялайды. Акция 2023 жылдың 15 маусым — 15 тамыз аралығында өтеді. Осы мерзім аралығында аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан мен ауылдық округ тұрғындарынан ел тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін жәдігерлерді ризашылықпен қабылдайды. Музей үшін көне заманнан келе жатқан, ата-бабамыздан қалған жәдігерлер, еліне еңбегі сіңген азаматтардың құжаттары мен суреттері, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен жалпы этнографиялық заттар және т.б. да құнды болмақ. «Музейге сый тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға есігіміз әрдайым ашық. Біздің мекенжайымыз: Қордай ауылы, Қазыбек би көшесі №12, жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында. Байланыс телефоны: 4-53-84

Қордай аудандық

тарихи-өлкетану музейі

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.