НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

0

Кенен ауылдық округінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату және қолданудың адам денсаулығына тигізетін зияны мен оның қоғамға кері әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар есірткі қылмыстарына қатысты заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері таныстырылып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау.

Нашақорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Жастар арасында дұрыс бағыт қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.