Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл Бетқайнар және Жамбыл ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында Бетқайнар ауылындағы мәдениет үйі, спорт кешені, дәрігерлік амбулатория, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп, «Бетқайнар» мешіті және «Алмаз» жағажайының жай-күйі қаралды. Сондай-ақ Жаңатұрмыс ауылында Шәкәрім атындағы орта мектептің, дәрігерлік амбулаторияның және «Жаңатұрмыс» мешітінің жұмысы зерделенді.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Жамбыл ауылдық округінде болып, Мәдениет үйі мен Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектептің қызметімен танысты.
Нысандарды аралау барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жұмыстардың ұйымдастырылуына назар аударылып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшылығы тарапынан тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.
Шолпан САБАНОВА