ОБЛЫСТЫҚ ТЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Жамбыл облысында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Комиссияның барлық мүшелері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Тараз қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері селекторлық кеңес режимінде қатысты.

Комиссия отырысы барысында 3 мәселе қаралды, атап айтқанда:

— «2023 жылғы шомылу маусымының қорытындысы және өртке қауіпті кезеңнің өту нәтижелері туралы;

-2023 жылы cу тасқыныкезеңін қауіпсіз өтуі туралы.

Бірінші сұрақ бойынша, 2023 жылғы шомылу маусымының қорытындысы және өртке қауіпті кезеңнің өту нәтижелері туралы Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығының міндетін уақытша атқарушы Абдуалиев Жалғас, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы міндетін уақытша атқарушы Жатқанбаев Мадияр баяндама жасады.

Екінші сұрақ бойынша, 2023 жылы cу тасқыны кезеңін қауіпсіз өтуі туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Айтбаев Талғат және Тараз қаласы мен аудан әкімдері баяндама жасады.

Отырыстың соңында Комиссия төрағасы Нұржан Календеров ТЖ комиссия отырысының хаттамасында көзделген тапсырмаларды орындау бойынша нұсқамалар беріп, барлық органдардың жауапты және үйлесімді жұмыстары ғана төтенше жағдайлардың алдын алуға себеп болатындығын атап өтті.

Талғат АЙТБАЕВ, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.