ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН МОРЕНДІК КӨЛДЕРДІҢ АЭРОШОЛУЫН БАҒАЛАУ

0

Жамбыл облысының аумағы өзінің географиялық жағдайына байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әртүрлі түрлеріне ұшырайды. Бүгінгі күні күзгі-қысқы кезеңге байланысты төтенше жағдайлар аса өзекті болып табылады – бұл су тасқыны, су басу, сондай-ақ таулы жерлерде жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп мөлшерінің түсуі нәтижесінде қалыптасқан беткей ағысы мен сел ағыны.

Сел ағыны деген не? Сел ағыны — таулы жерлерде кең таралған, үлкен қиратқыш күші бар қауіпті табиғи құбылыс. Қаратау, Алатау және Қырғыз жоталарының биік таулы аймақтарында еріген қар және нөсерлі сипаттағы сел болуы мүмкін.

Жуырда жұмыс тобымен қар көшкіні қаупі бар учаскелерде, «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер ЕС-145» маркалы тікұшағында Меркі, Жуалы аудандарында және Т.Рысқұлов ауданында биіктігі 540м-ден 4000м-ге дейінгі белгіде орналасқан мореналы көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізіп, сондай-ақ сел қаупі бар учаскелер қаралды. Мамандарының міндеті көлдер мен сел қаупі бар учаскелердің ағымдағы жай-күйін зерттеу және таулы аймақтарда қар жамылғысының биіктігін анықтау.

Аэровизуалды зерделеу барысында, мореналық көлдерінің беті мұзбен жабылғандығы, қар жамылғысының биіктігі 15-дан 30см-ге дейін анықталды.

Жұмыс тобымен ағымдағы жағдай бағаланып, Меркі, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының аумақтарындағы Қырғыз жотасы мен Талас Алатауы тауларында қар қорының жамылғысы бақыланады.

Сонымен қатар, тау туризмін ұнататындар көбінесе қауіпті жерлерге тартылатынын атап өткен жөн. Мұндай орындарға барған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Су басу, су тасқыны және сел қаупі кезіндегі іс-әрекеттер тәртібімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің интернет-сайтынан танысуға болады.

Айгүл Шахабаева, ТЖ алдын алу басқармасының инженері, азаматтық қорғау майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.