«ОН КҮНӘНІҢ ТОҒЫЗЫ — ТІЛДЕН»

0

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Хашыр» сүресінде бір мұсылманның екінші мұсылман адамның үстінен өсек тасуына тыйым салған. Бұл әрекет сауапты жоюмен қатар, ағайын мен ағайын, жалпы ел арасына іріткі салатын кешірілмес ауыр күнә.

Атам «Қазақ» шындық пен өтірік арасы төрт-ақ елі, яғни көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік деген. Қиямет күні Алла Тағаланың аса зор қаһарына ілінетін осы өсекші адамдар. Тіпті ораза тұтқан адамның өзі өсек тасыса, Алла разылығы үшін тұтқан оразасы қабыл болмайды екен.
Құран Кәрімнің бір аятында өсек айту адам өлтіргеннен де ауыр екендігі айтылған. Бұл туралы ескіден келе жатқан бір аңызда былай делініпті: Ертеде бір адам күң сатып алады. Ол өсекші адам екен. Үйіне келген соң, күң иесінің ауру әйеліне келіп:
«Сіздің еміңіз күйеуіңіздің сақалында, бүгін түнде пышақпен сол сақал түбінен біраз кесіп алып, маған әкелсеңіз, ем жасаймын», – дейді. Сосын иесіне келіп: «Бүгін түнде ұйықтамаңыз, әйтпесе сізді әйеліңіз пышақпен өлтіреді», – деп оны қорқытады. Түн уағында ауру әйел күйеуінің сақалын кесіп алуға беттеген кезде күйеуі сол пышақпен өз әйелін өлтіреді. Осылайша, жай ғана өсектің кесірінен талай жазықсыз адамдар мерт болғаны тарихтан белгілі.
«Өсек айту адам өлтіргеннен де ауыр күнә» дін мамандары айтпақшы, адамдар арасына өшпенділік, үрей туғызып, бірін-бірі өлтіруге дейін апаратын мұндай әрекетті аса мейірімді Жаратқан иемнің өзі де құптамайды екен. Бұл туралы ескіден келе жатқан бір аңызда былай делініпті. Ертеректе екі тату бажа өмір сүріпті. Татулықтары сондай араларынан қыл өтпейді екен. Бір күні бажалардың біреуін түлен түртіп, екіншісін сынамақшы боп, оның үстінен жеңіл ғана өсек таратып жіберіпті. Желдей гулеген өсек адамдар арасына әртүрлі дәрежеде өрбіпті. Жанына қисынсыз оқиғаларды ерткен әлгі өсектің иесі де анықталыпты. Айтып-айтпай не керек, алдағы уақыттарда атын атап, түсін түстемесек, жалпы жұртшылыққа белгілі бұл кесір иелері қоғамға, мемлекетке, тіпті құрбы-құрдастарымен әріптестеріде осылардың құрбанына айналуы мүмкін.
Сіз айтып жүрген әңгіме шындыққа жанасады деп өзіңіз ойласаңыз да, анығында бұл мүлде ақиқатқа жанаспауы да мүмкін. Өзіңізді мұндай адамдардың қатарына қоса аласыз ба? Өзіңізге төменде келтірілген мысалдар арқылы бақылау жасап көріңіз:
Өсекті ең көп айтатын адамдар бұл өздеріне сенімсіз, белгілі бір дәрежеге қолы жетпеген, мақсатына ере алмаған адамдар екен;
Бұл күндестік пен көре алмаушылық сезімдерінің астасуынан шығатын құбылыс;
Егер, ақылы толысқан, кемеліне жеткен адам әлдекім туралы, біреуге зиян келтіруші өсек айтып жатса, демек, ол адамның іштей қыжылы, өзіне деген сенімсіздігі басым. Біреудің өмірі жақсы жаққа өзгеріп, жетістікке жете бастаса, оны аяқтан шалуды көздеп, өсек таратқан адам өзінің өмірі айтарлықтай жақсы емес екендігін, өзінің кемшілігін біреуге «айыб» арқылы жапқысы келеді.
Адамдар сіздің айтқандарыңызды қызықтап тыңдауы мүмкін, бірақ сізді сыйламай кетеді. Сіздің ертең оларды жамандайтындығын ойлап, теріс айналады.
Осылайша, ақиқатқа көзі жетпей тұрып мен оның бойындағы бар нәрсені ғана айтып жүрмін деп өзін ақтап, өсек айтуын жалғастыра берсе, бірте-бірте күнәсінің үстіне күнә жамала береді, үлкен күнә жасағаны былай тұрсын, кейін оған қанша тәубе етсе де, әлгі ғайбатталған адам оны кешірмейінше Алла Тағала оны кешірмейді екен.
Өсек туралы ұлылардың айтқаны:
Өсек айту абыройыңызды төмендетіп, «өсекші» атағына қаласыз.
Ата-бабамыз өзінің ұрпағына «қарғыс алма, алғыс ал» деген. Осы себепті қазақта: «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген.
Бүгінде Тәуелсіздік тізгіні қолға тигенде де, ұлтымыздың сорын қайнатқан мінезден арылудың орнына өсектің көрігін қыздыра түсуде. Абайша айтқанда, «Досын келіп досына жамандайтындар» қарасы тым көбейіп бара жатыр. Мұндай келеңсіз үрдістен үлкеннен бастап, жас жандарға шейін қалыс қала алмай тұр. Сол қылықтары үшін, тіпті, Құдайдың құдіретімен де, әртүрлі жазаға, ұшырап жатса да, естерін жиып, тәубелеріне келер емес.
Оны интернет желісінде болған оқиға ізімен жазылған мына бір төмендегі жазбаның үзіндісінен де байқауға болады.
«Жаратқан ием бұлардың бір-бірінен ішкі-сыртқы дүниесін айнытпай, ауыздарын шүртитіп, құлақтарын қалқайтып жаратқанымен, өсектің нағыз «сен тұр, мен айтайын» майталмандарына айналған, тұрыстары оқшау-оқшау бірі – сопақ, бірі – томпақ, енді бірі – белден қалған бүкшең. Құдайдың мұнысына да шүкір дерсің! Әйтпегенде бар ғой, бар болмысын былай қойғанда, сөз саптауларына дейін ұқсап тұрған бұларды құдды үшем деп адасуларыңыз бек мүмкін! Өсектің «қызығына» түсіп, сыртқы дүниемен байланысын мүлде үзген өз кәйіптеріне өздері малданған күйі, әңгімені қыздырған үстіне қыздыра түсті» делінген.
Иә-ә!… Соңғы кезде салпы ерін өсекқұмарлар жұрттың арасында әлемге кеңінен тарап бара жатқан індет сықылды ие бермей тұр! Осы бір өсегі құрығырдың көлеміне де, табиғатына да қарамастан, жүрген жерін, тиіп кеткен орнын өртке орайтын, қасіретке душар ететін, айықпас дертке ұрындыратын шайтани қасиет екені де баршаға ақиқат! Ендеше, оны тек таңбағып бетіне басып, бұғаулап ұстамаса, адамзатқа қауіп!
Сондай-ақ, адамзат үшін бұл аса ауыр қос дерттің айырмашылығы сол, коронавирус – тәннің аса қауіпті дерті болса, өсекқұмарлық – жанның аса қауіпті дерті! Оны ескерер уақыт та келді!

«Қақпатас ауылдық округі
әкімінің аппараты» КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.