ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС АТҚАРҒАЛЫ 103 БАЛАҒА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛДІ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ерекше күтім мен қолдауды қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасалуы, сондай-ақ, оларды қоғамға бейімдеу жұмыстарына баса көңіл бөлінуі тиіс екенін айтып келеді. Осы ретте әр өңірлердегі айрықша күтімге мұқтаж балақайларға қолайлы орта қалыптастырып, медициналық көмек көрсететін арнайы орталықтардың маңызы зор.

Қордай ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталығы 2015 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда бір жылдың ішінде орта есеппен 40 бала оңалу және бейімдеу шараларынан өтеді. Оларға стандартқа сәйкес 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мәселен, өткен жылы барлық сегіз бағыт бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын айта кеткен жөн.
Орталықтың мамандарымен бірлесіп ұстаздар жыл басынан жаңа келген баланы жан-жақты тексерді, топтық бағалау жүргізді, топтары анықталды. Тексерудің нәтижелеріне қарай, жеке дамыту бағдарламалары құрылды. Әрі қарай оңалту – түзету бағытында жұмыстар жүргізілді. Барлық жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының орындалу барысы және қорытындысы мониторингте көрсетілді. Оңалту картасын, «Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету сапасын бағалау парағын» толтырып, мониторингке өзгерістерді жазып толтырды. Жоспар бойынша жыл басынан медико-педагогикалық кеңестің 16 отырысы өткізіліп, кеңесте жоспар бойынша 7 баяндама мен 14 ашық сабақ оқылды және ұстаздардың жұмысына талдау жасалды.
Орталықтағы әлеуметтік тұрмыстық қызмет денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету; жиһазбен және тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру сынды қызметтерді қамтиды.
Әлеуметтік-медициналық қызметке – әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып) дәрігерге дейін көмек көрсету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу, емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу жатады. Қызмет алушылардың денсаулығының жағдайы күн сайын қадағаланады (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқада рәсімдер), емдеу дәрігерінің тағайындауына сәйкес дәрумендер беріліп, қызмет алушылардың жүріп-тұруына (қажеттігіне қарай) және басқа да қызметіне көмек көрсетіледі.
Қызметкерлердің дәрігерлік сараптамадан өтуі уақтылы қадағаланады. Залалсыздандыру сұйықтарымен жұмыс жасау біліктіліктері тексеріліп тұрады және үйретіледі. Ыстық түскі ас пен бесінде берілетін астың дәмділігі мен мөлшері қадағаланады.
Қимыл-қозғалысы бұзылған балалар «Фаэтон» комбинезонын, «Гравистат» костюмін «Вертикализатор» аппаратында тұрғызылып, нәтижесінде 2 бала балдақпен жүрді, 15 бала фитболмен жаттықты, қызмет алушы балалардың барлығы емдеу және дене шынықтыру жаттығуларымен қамтылды. Қызметкерлерге және ата-аналарға «Тұмау мен суық тиюдің алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама оқылды, «Ветрянка» ол немен қауіпті, «Кір қолдар аурулары» дегеніміз не?» тақырыбында қабырға газеті шығарылды. Коронавирустан сақталу ережелерімен таныстыру, «Екпенің пайдасы мен зияны туралы мәліметтер» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді, мәліметтер берілді.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге – тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру, әлеуметтік-психологиялық (жүйелі бақылау), мүгедектігі бар адамдармен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу, психологиялық консультация беру, қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке психологиялық тренинг, қызметтерді алушыларды психологиялық түзеу, қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету жатады. Бұл бағытта нормативке сай кабинет толығымен жасақталған.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге – әлеуметтік-педагогикалық консультация беру, балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу, балаларды тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың даму деңгейіне педагогикалық және түзеу-дамыту диагностикасын және зерттеуді жүргізеді, балаларды оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу, балаларды дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру жатады.
Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне – еңбекке тәрбиелеу, қайшымен жұмыс жасау, еңбекке тәрбиелеу құралдарымен жұмыс жасау, мата, инемен жұмыс жасау, табиғи материалдармен жұмыс жасау өз деңгейiнде жүргiзiледi. Жыл басынан 2 қайырымдылык акциясын өткізіп, мамандардың көмегiмен жасалған қол бұйымдары мен тәттi бәлiштерден көрме-жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу, ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту, профиль бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру, жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу жатады.
Әлеуметтік-мәдени қызметтерге – мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру, клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру, қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қызметтерге – Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу, материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация берілді, соның нәтижесінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 4 отбасы баспаналы болды.
Орталық жұмыс атқарғалы 103 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, оның 15-і өз беттерінше жүрді, 4-і жалпы білім беру бағдарламасымен мектепке барды, 2-і балабақшаға жолдама алды, 10 бала сөйледі, 15 бала дыбыс шығаруға үйренді, 7 бала өз беттерінше еңбектесе, 5 бала отыруға бейімделді.

Эльнура МІНІСҚҰЛОВА, мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.