ОТЕГЕН БАТЫР ЕСКЕРТКІШІНЕ САЯХАТ

0

Жуырда №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Өтеген батыр ескерткішіне саяхат» танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Практикалық сабақтың мақсаты – оқушыларға Өтеген батыр туралы мәлімет беру және шығармашылыққа баулу.
Сабақ «Жазғы мектеп» бағдарламасы аясында өтті. Танымдық саяхаттың кіріспесін аудандық мұражай қызметкері Аида Сейтали батыр бабаның ескерткішінің салыну тарихы, ескерткіш құрылысы туралы баяндап өтті. Батырлық қасиеттер мен отансүйгіштік сезімдердің ерлердің ерлік істерімен байланыстыра сұрақтар қойып, оқушыларды қызықтырды.
«Өтеген батыр туралы аңыздар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Үсен Тұрлыбаев батырдың тапқырлығы, алғырлығы және әулиелігі туралы аңыздарды балалар ұғымына сай жеткізді.
Шығармашылық бөлімінде мүйізді Өтеген бабамызға арнған, оның бүгінгі ұрпақ жадында сақталатын ерліктері туралы жүректерінен шыққан шығармаларын оқып берді. Жұмағали Ләйла батыр туралы деректі эссесін саяхатшылар назарына ұсынса, Шөкежан Махаббат нағыз ер туралы жүрегінен тебірене өзінің арнаған өлеңін әсерлі оқып берді.
Экскурсия соңында балалар музей қызметкерлерімен бірге батыр ескерткішінің алдында суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.