ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚОРДАЙДА БОЛДЫ

0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Қордай ауданында болды. Сенат депутаты Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының егістік алқабын көрді. Шаруа қожалық жетекшісі Евгений Трубников биыл 130 гектарға күнбағыс, 47 гектарға арпа, 200 гектарға дәндік жүгері, 90 гектарға қант қызылшасын орналастырғанын  айтып, көкейдегі мәселелерінде  жеткізді.

     — Биыл ғылыми негізде испандық мамандардың көмегімен аймақта алғаш рет пилоттық жоба ретінде мына өзіңіз көріп отырған алқабқа тұқым алу үшін тамшылатып суару әдісімең күнбағыс дақылын орналастырдық. Дегенмен судан тапшылық көріп отырмыз. Біздің талап-тілегіміз егер күнбағыстан өнімді төмен алған жағдайда, шығынды өтеудің жолы қарастырылса.  Мысалға, егер бау-бақша яғни қарбыз басқа да дақылдың шығынан өтеуге гектарына 400-500 мың теңгеден беріледі деген ақпарат естідім. Күнбағысқа да осылай төленсе, — деді ол.

Жалпы Қордай өңіріндегі 36000 мың суармалы алқаптың бүгінгі күнгі ақпаратына сәйкес, 6000 гектарына су жетпей отыр.

Сәкен Қаланұлы шаруа мәселесін мұқит тыңдап, шығынды басқада дақылдармен бірдей есептеуге жұмыс жүргізетінін,  өтініш назарға алынғанын жеткізіп, мұндай пилоттық жобаға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті

Шаруалар сөзінше, Қалғұтты мен Ноғайбай ауылдарына екі су бөгеттері орнатылса, егістікке су жеткізуге мүмкіндік туатынын, су тоспалары су тапшылығын жоюуға септігін тигізетін атап өтті.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақаев Жұлдызбектің айтуынша, осы екі бөгетті салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Сенат депутаты каналдан бөлек бірқатар егінсу жүйелерін аралап көрді. Сәкен Қаланұлы егер су тапшылығын жоюға екі бөгет әсер етсе, мұның қаржысын қарастыруға күш салатынын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Сәкен Арубаев жаңадан салынып жатқан мемлекеттік мұрағатының құрылысын көрді. Сенат депутаты жаңа үлгіде бой көтеріп жатқан нысанның құрылысымен танысып, мұрағат қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Архив директоры Қатира Уалиева жалпы архив саласы бойынша бірқатар мәселелерді көтерді.

Оның айтуынша, архив қызметкерлері мемлекеттік қызмет түрлерін көрсеткенімен мемлекеттік қызмет статусы берілмегенін, жылына бірғана архив мекемесі 3000-ға жуық мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынатынын, дегенмен айлық жалақы төмен екенін, сала қызметкерлері мемлекеттік қызметке алынса деген ой-пікірін алға тартты. Жалпы, мекемеде 53 мыңға жуық архив құжаттары сақталуда.

Сәкен Қаланұлы айтылған талап орынды екенін, мәселелерді назарға алатынын баса айтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.