Патриоттық тәрбие – рухани байлықм

0

Гвардейск гарнизонының 21450 әскери бөлімінде жастарға патриоттық сана-сезім мен тәрбие беру іс-шарасы өтті.

Шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы № 43 орта мектептің 8а сынып оқушылары әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оларға сарбаздардың казарма үй-жайлары, ақпараттық тәрбие бөлмелері және спорт бұрыштары, сондай-ақ қару-жарақ түрлері, оның тактикалық-техникалық сипаттамалары мен әскери қызметшілердің жауынгерлік ұрыстағы киім үлгілері таныстырылды.

— Бүгінгі іс-шара жасөспірімдердің патриоттық сезімдерін арттыру және оларға рухани тәрбие беру мақсатында жүргізілді. Алдағы уақытта тағы да осындай шараларды ұйымдастыратын боламыз, — деді әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Қарулы Күштердің қызметкері Айна Омарова.

Сонымен қатар, оқушылар, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, патриоттық тәрбие алды. Кездесу барысында әскери бөлімнің кітапхана меңгерушісі Қарулы Күштердің қызметкері Гүлзия Сартаева «Ауған соғысының алапаты» тақырыбында Ауған соғысының тарихы мен ақиқаты жайлы түсінік берді. Ардагерлер Ауған соғысындағы басынан кешкен оқиғаларын айтып, жас өрендерге рухани тәрбие берді. Сондай-ақ, ардагерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтыратын жайттар айтты.

— Біз бүгін әскери бөлімге келіп, сарбаздардың тұрмыстық жағдайларымен таныстық және көптеген қаруларды көрдік. Әскери қызметшілер бізге қарулардың сипаттамаларын айтып берді. Маған өте ұнады. Сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, олармен сұхбаттастық. Ол кісілер бізге соғыс кезіндегі оқиғаларын айтып берді. Мен өте қуаныштымын, — деді Бауыржан Момышұлы атындағы №43 орта мектептің оқушысы Садық Айсезім.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.