ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ РӨЛІ

0

Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының негізгі бастауы азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарлатуға қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Конституция мен заңдардың үстемдігін орнату мақсатында, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратураның басты міндеті.

Бүгінгі күні елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудегі прокуратура қызметінің басты ерекшелігі — оның халық үшін, әсіресе әлеуметтік қорғалмаған адамдар үшін қолжетімділігі.

Прокуратураның қызметі қоғамдағы заңдылықты нығайту мен азаматтың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік институт ретінде айқындалған және мемлекеттік органдар арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік жүйенің маңызды элементі.

Ел Конституциясына сәйкес заңдар мен өзге де құқықтық актілерге және мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының қызметінің заңдылығына толық қадағалау жүргізу прокуратураға жүктелген.

Қадағалау қызметі барысында прокуратура кез келген заң бұзушылықты анықтау және жоюға шаралар қабылдайды, сотта мемлекет мүддесін қолдайды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратураның қазіргі кезеңдегі ерекшелігі – ол прокурорлық қадағалауды жүргізе отырып, заң шығару процесінде Конституция талаптарының сақталуын қадағалайды. Нақтырақ айтқанда Ата заңның 83-бабымен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге наразылық келтіру міндеті жүктелген.

Осылайша еліміздің прокуратурасы Қазақстанның заманауи зиялы ел ретінде  дамуына үлкен үлес қосуда.

 

Мақсат Ақжолтаев, Гвардейск гарнизоны

әскери прокуратурасының прокуроры,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.