ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

2023 жылғы 28 тамызда Аудандық мәдениет үйінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттармен және олардың сенімді тұлғаларымен кездесу өткізді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34 баптарына түсініктеме берді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекет кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін сөз сөйлеуге және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні айтылды.

Осы мәселе бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының бас бухгалтері Ж.Маженова кандидаттарға үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенімді тұлғалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.