Бүгінгі референдум барысында Қорадй ауданында барлық сайлау учаскелерінде арнайы қолжетімділік қызметтері ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ақпараттық бұрыштар жұмыс істеп, компьютерлер, лупалар және қосымша жарықтандыру құралдары орнатылды. Сонымен қатар, бюллетеньдерді толтыруға арналған брайль қарпімен жасалған трафареттер, Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқалары ұсынылды. Ғимараттар пандустармен жабдықталған, кіреберістерде тактильдік көрсеткіштер және ішкі навигация жүйелері орналастырылды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі көрсетілді. Осы шаралар арқылы әрбір сайлаушыға, олардың мүмкіндігіне қарамастан, дауыс беру мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді.