САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІРКЕЛІМ КОДТАРЫН ТИІСТІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы Ж.Әбдіхалықов, облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы В.Калашников, «ҚР ОСК ИТО» РМК-ң облыс бойынша өкілі А.Асқарбеков,  Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Б.Ембаев, Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының облыстық филиал өкілдері, аудандар мен Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары (тізім бойынша) қатысты.

Кеңестің мақсаты, өңірдегі сайлаушылар тізімдерін бастапқы дереккөздер негізінде қалыптастыру процесін жетілдіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекенжай тіркелім кодтарын енгізу және сайлау учаскесінің аумағында яғни, шекарасында орналасқан барлық ғимараттардың мекенжай тіркелім кодтарын енгізіп, сайлау учаскесіне бекітілуін қамтамасыз ету.

Негізгі жұмысты үйлестіруші жергілікті атқарушы органдар болғандықтан, облыс көлемінде жұмысшы топ құрылып, оған барлық деңгейдегі аппарат басшылары, сәулет және қала құрылысы, цифрландыру басқармалары, азаматтарға арналған үкімет корпарациясы және құзырлы органдар енгізілді. Мәліметтердің дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету аумақтық сайлау комиссияларымен жүргізілді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мекенжай тіркелім кодтарын тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, облыстық сайлау комиссия мүшелері тарапынан мекенжай тіркелім кодтарын (РК) тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстарын жүзеге асыру барысында техникалық тұрғыда немесе басқа да жағдайлар бойынша орын алған кедергілер мен оларды шешу жолдары туралы түсіндірме жасады.

Бұл бағытта атқарылған жұмыстар бойынша Тараз қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің маманы өз тәжірибесімен бөлісті.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов жергілікті атқарушы орган өкілдеріне нақты ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, кеңестің хаттамасына сайлаушылар тізімі мен мекен жай тіркелімі деректер базасын нақтылау жұмыстарын аумақтық сайлау комиссияларына жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысты күшейту туралы тапсырма енгізілді.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.