Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен аудан оқушылары арасында аудандық шахмат турнирі өтті.
Аталған турнирге ауданның білім беру ұйымдарынан 90-нан астам оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында жас шахматшылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, ойын барысында логикалық ойлау, төзімділік пен шапшаң шешім қабылдау қабілеттерін айқын танытты.
Жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне шахматтан ұлттық арбитр Мерген Кубанычбекуулу төрешілік етті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Бұл жас шахматшылардың тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауға және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.