ҚОРДАЙДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

0

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан III халықаралық турнир өтті. Жарыс барысында Қазақстанның жеңіл атлеттері бірнеше алтын медаль жеңіп алды. Ел намысын алты спортшыдан құралған ұлттық құрама қорғады.

Сол құрамада болған ауданымыздың тумасы Виктория Сукачева 800 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып келіп, алтын жүлдені иеленді.

Айта кетейік, Виктория жас кезінен Қордай ауылындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жеңіл атлетикамен айналысқан. Оның алғашқы жаттықтырушысы – Алина Ахметова. Алина Владимировна – өңірдің тәжірибелі бапкері. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Жерлесіміз Виктория Сукачеваны жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.