«ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ»

0

№43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нақты көмек көрсету мақсатында 2022 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында мектеп сайтына,әлеуметтік желілерге акциядан тыс қалмауға шақыру, хабарландырулар жарияланды.
Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған сан ғасырлық ата-баба дәстүрін жалғастырып отырған текті халықтың ұрпақтарының игі істері жаңа заманда да өз жалғасын тауып отыр.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы бұл акцияны «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық» ұранымен бастауы жаңа серпінге жетеледі.
Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қасиетті ұғым арамыздағы қайырымды, жаны жайсаң жандарға айтылса керек-ті.
Акцияға бір кісідей атсалысқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты ұжымына және Ербол Бурашевке, жеке кәсіпкер Ардақ Манабаевқа, Гвардейский қалашығындағы дәрігерлік амбулатория, «Ақбота» балабақшасы, «БИОФАРМ», «Нілбала» балабақшасының басшысы Динара Калбекқызына, №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ұжымына, мектеп директоры Гүлбану Абдуллинаға, 82796 әскери бөлімі командирі Дакен Жақсыбаевқа және өзгенің бақыты үшін алаңдаулы болған ізгі жандарға шын жүректен алғыс айтқымыз келеді.
Барын бағалап, көңіліндегі кішкене кірбіңін сейілтіп отырған абзал жандардың асыл қасиеттерін бойына жинақтаған, болашақтың тізгінін ұстайтын ұрпақтар легі үзілмесін!

Лайла РЫСДАУЛЕТОВА,
әлеуметтік педагог

Leave A Reply

Your email address will not be published.