«СИҚЫРЛЫ ФИШКА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0

№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде 2022-2023 оқу жылында тәжірибе ретінде «Сиқырлы фишка» жобасы енгізілген болатын, жыл бойына оқушылар фишка жинап, түрлі байқаулар мен іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрді. Жоба авторы Гүлнұр Аралбаева «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша аталмыш жобаны ойлап тауып, оқушыларға мотивация беру мақсатында жыл бойы жұмыс жүргізді. Күтілетін нәтиже:
— Оқушылардың білімге құштарлықтары оянады;
— Оқушылар ата-аналарымен, ұстаздарымен бірігіп жұмыс жасап, жетістікке жетеді;
— Мектептің «Үздік оқушысы» атануына ынталанады;
— «Үздік сынып» болуға талпынады;
— Өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілік қасиеттері артады;
— Ұстаздардың оқушылармен, ата-аналарымен байланысы арта түседі;
— Жыл соңында үздік деп танылған ұстаздар мен оқушылар мектеп басшысының, мектеп әкімшілігінің және демеушілердің ақшалай және заттай сыйлықтарына ие болады.
Осыған орай жобаға қолдау көрсетіп, ең үздік атанған оқушыға демеушілік көрсетіп, Әбікен Әлімжанға сертификат ұсынғаны үшін мектеп басшысы Ажибекова Баян Жеңісқызына үлкен алғысымызды білдіреміз! Ауданымызда ауылымыздан шығып, бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектерді жастарға таныту, үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынып, осы уақытқа дейін мектебімізге өз шарапатын тигізіп келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан бірқатар азаматтар демеушілік көрсетіп, осы «Сиқырлы фишка» жобасының жеңімпаздарына қуаныш сыйлады. Осы ретте кеңпейілдік танытқан түлектеріміз Керденов Мирас «сиқырлы фишка» жинап 2 орын иеленгені үшін Ізтелеу Дильяраға сертификат ұсынды және 3 орын иеленген Саябек Ерсұлтанға Құралбаев Сұңғат ағамыз сертификат ұсынды, 4 орын иеленген Жаңабек Айзереге мектеп ұстаздары атынан сертификат ұсынылды және ең үздік сынып атанып, ең көп фишка жинаған сыныпқа, мектеп ұстаздары атынан сертификат ұсынылды. Мектеп ұстаздарына және демеушілерімізге рақмет айтамыз!
Жеңімпаз оқушыларымыз осы жобадан үлкен мотивация алып, келесі оқу жылына құлшыныспен келетіндіктерін айтып, үздік оқушыларымыздың ата-аналары демеушілерімізге рақмет айтып, жобаның балаларға пайдасы зор екендігін, оқушылардың білімге құштарлықтары артып, түрлі іс-шараларға белсене қатысқандықтарын жеткізді. Алдағы оқу жылында «Сиқырлы фишка» жобасы жалғасын табады деген сенімдеміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.