«Сіздің учаскелік полицей!»

0

Бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторлары (бұдан әрі-УПИ) құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Негізінен олар тұрақты негізде халықпен жеке байланыста болады.

Жекелеген ауылдарда учаскелік инспектор — құқық қорғау органдарының жалғыз өкілі болып табылады. Осыған байланысты, сондай-ақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, УПИ мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында әріптестік қатынастарды құру және дамыту, олардың қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алудың оң нысандары мен әдістерін тарату мақсатында, ағымдағы жылдың 1-30 қараша аралығында Республика аумағында «Сіздің учаскелік полицей!» акциясы өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.