СКРИНИНГТЕН ӨТУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ

0

Скрининг – ауру белгілері әлі байқалмаған кезде ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеруді және қосымша тексеру әдістерін қамтитын іс-шаралар кешені. Қалалық және ауылдық тұрғындар арасында медициналық қызметтердің қолжетімділігінің теңгерімсіздігіне және ауылдық жерлерде сақтандырылмаған азаматтардың көп болуына байланысты, 20 қазаннан бастап ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулердің жаңа пакеті енгізілді.

Ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізу үшін 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды айқындау есебінен халықты қамтуды ұлғайту көзделген. Бұған дейін скринингтік зерттеулермен 30 жастан 70 жасқа дейінгі тұрғындар қамтылып, жастар бұл тексеруден қалыс қалған еді. Енді кәсіби тексерулер жүргізу үшін 4 нысаналы топ белгіленіп отыр. Олар 18 жастан 29 жасқа дейінгі «Жастар», 30 жастан 44 жасқа дейінгі «Еңбек – 1», 45 жастан 65 жасқа дейінгі «Еңбек – 2» және 66 жастан асқан «Зейнеткер».
Профилактикалық тексеру жүргізу үшін клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі кеңейтілді, мысалы, қан мен зәрді жалпы клиникалық зерттеулер енгізілді, глаукоманы ерте кезеңде анықтау үшін Еңбек – 1 нысаналы тобында көзішілік қысымды зерттеуді 30 жастан бастау көзделген. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды, қуық асты безінің, асқазан-ішек жолдарының және бүйрек ауруларын, ерте анықтау мақсатында жаңа зерттеулер енгізілді. Бұдан басқа, өзгерістер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізудің қағидаларына, көлеміне және кезеңділігіне қатысты болады. Бұйрыққа профилактикалық зерттеулерге жататын ауыл тұрғындары қатарындағы адамдардың нысаналы тобы кеңейтіліп, мынадай толықтырулар енгізілді:
18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер (кейбір санаттағы адамдар) скринингтік тексеруден өтеді;
Артериялық гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 бен 39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер (адамдардың кейбір санаттары);
18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер (адамдардың кейбір санаттары), скринингтік зерттеулерден өтіп жатқан, асқазан-ішек жолдарының ауруларымен және созылмалы бүйрек ауруларымен динамикалық бақылауда тұрмаған;
50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер(адамдардың кейбір санаттары) , тыныс алу органдарының туберкулезімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтеді;
55 пен 70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы ер адамдар (адамдардың кейбір санаттары) , қуық асты безі обырымен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтеді.
Профилактикалық тексерулер учаскелік қызметтің шақыруы бойынша жүргізіледі. Пациенттер тіркеушіге жүгінбей, әлеуметтік-психологиялық көмектің алдын алу бөлімшесіне жіберіледі, онда қалған скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Скрининг көлеміне мыналар кіреді: антропометриялық өлшеулер (бой, дене салмағы, бел шеңбері, қан қысымын өлшеу, мақсатты топқа байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу) .
Бүгінгі таңда Қордай ауданы бойынша 7 066 адам кәсіптік тексеруден өтті, оның ішінде 18-29 жас — 3 306, 30-44 жас-3 503, 45-65 жас -53, 66-70 жас -204 азамат тексерілді. Бұл 78,8% құрады . Скринингтің нәтижесінде 2022 жылдың 18 қарашасында 148 адамнан әралуан ауру түрлері анықталды. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағы 42 азаматтан асқазан-ішек жолдары, 30-44 жас санатындағы 64 адамнан асқазан-ішек жолдары, бүйрек, сүт безі қатерлі ісігі, 45-65 жас санатындағы 18 адамнан сүт безі қатерлі ісігі, ПСА, 66-70 жас санатындағы 24 азаматтан тыныс алу органдары, ПСА анықталды. Қазіргі уақытта бұл азаматтар сауықтырылып жатыр.
Қордай ауылының тұрғындары аудандық орталық емханада, ал басқа елді мекендердің тұрғындары өздерінің емдеу-профилактикалық мекемелерінде профилактикалық тексеруден өте алады. Профилактикалық тексеру Сіз тіркелген медициналық мекемеде тегін жүргізіледі. Егер Сізді скринингке шақырса-уақтылы келіңіз!

З.ҚАДЫРБЕКОВА,
Қордай АОА бас дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.