СОТ АКТІСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

0

Сот актілері қолданыстардағы заңдарда белгіленген тәртіпте дереу орындалуға жататындарын қоспағанда, заңды күшіне енген соң орындалуға міндетті.

Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы беріледі. Ал, егер де бірінші сатыдағы соттың шығарған шешіміне апелляциялық немесе кассациялық тәртіпте шағым жасалған немесе наразылық білдірген жағдайды, шешім, егер оның күші жойылмаса, онда апелляциялық және кассациялық қаулы шығарылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Заңды күшіне енген соттың шешімі мемлекет-тік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың,лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында да сөзсіз орындалуға жатады.
Әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс. Сот актілері апелляциялық, кассациялық тәртібімен істерді қарау кезінде өзгертілген жағдайларда, олардың көшірмелеріне апелляциялық, кассациялық сатысындағы қаулылардың көшірмелері қоса тіркеледі.
Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс. Әрбір атқару парағында өндіріп алынатын жалпы сома, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауаптылығы көрсетілуге тиіс.
Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдаса, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданған шаралар және талап қоюды қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүліктің тұрған жерi және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың көшiрмелерi атқару құжатына қоса беріледі. Атқару құжаты электрондық атқару құжаты нысанында жазып берілген жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету туралы құжаттар судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында қоса беріледі.

Б.САЙПЫШЕВА,
Қордай аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.