Студенттер сайысқа түсті

0

Студенттік шақ – қызыққа толы күндерді бастан кешетін,  әр адам үшін сағынышпен еске алатын, мәңгі ұмытылмас кезең болып қалатынына еш күмән жоқ. Бұл кезде адамның жастық қуаты тасып, шаршауды білмейді, уақытының басым бөлігін ізденумен, үйренумен өткізеді.

Міне, өмірінің осындай ерекше сәтін өткеріп жатқан студенттердің төл мерекесіне орай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» білімгерлер арасында қызықты спорттық эстафета ұйымдастырды. Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында өткен шарада Қордай ауылшаруашылық колледжі, «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжі, «Береке» техникалық-экономикалық колледжі және №7 Бетқайнар колледжінің студенттері бақ сынады.

Бұл іс-шара студенттер қауымының ынтымағы ғана емес, салауатты бәсекелестік рухын көтерді. Көңілді де тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша №7 Бетқайнар колледжінің студенттері өзгелерден оқ бойы оза шығып, жүлделі 1-орынды иеленді. Ал Қордай ауылшаруашылық колледжі 2-орынды, «Береке» және  «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттері 3-орынды иеленді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, арнайы грамоталар және сыйлықтарын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.