СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ЖАТ ҚҰБЫЛЫС

0

Президентіміз Қ.К. Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарды белгілеп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі», деген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410- V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын орындау мақсатында «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тиісті жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жылдық іс-шара жоспары құрылып, орталық директорымен бекітілген. Онда «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды қызметкерлер мен қызмет алушыларға түсіндіріп, оған жол берілмеу шаралары лекция, дөңгелек үстел, слайд көрсету арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы әрдайым насихатталып, талқыланады.
Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру және құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында орталықта Жамбыл облысы бойынша департаменттердің сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стенд орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

Л.КАЛЫКОВА, орталық заңгері

Leave A Reply

Your email address will not be published.