«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ»

0

«Тәуелсіздік – тұғырым»

Өткен бейсенбіде №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік кеш өтті. Азаттығымыздың 32 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығының директоры, әрі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Эльнура Мінісқұлова, аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Шынар Бейсенбаева, сондай-ақ, орталықтың қызмет алушылары мен қызметшілері қатысты.

Мерекелік шарада алғашқы сөзді орталық директоры Айнұр Алматаева алып, жиналған қауымды еліміз үшін орны ерек айтулы күнмен құттықтады.

Одан кейін орталық ұжымы арнайы дайындаған концерттік нөмірлерін қойып, әсем ән мен ырғақты биден шашу шашты. Мекеме қызметкерлері Омарова Айжан мен Нығмет Жанар қазақтың ұлттық биін билесе, орталықтың маманы С.Чопуева «Жақсы адамдарым» әнін шырқады. Сондай-ақ, ұжым болып барлығы «Желтоқсан желі» әнін орындады. Ал орталық мамандарының желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков туралы қойған көріністері көпшілікті тебіренткені рас.

Мерекелік кеште  №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Айнұр Алматаева желтоқсан оқиғасына қатысушы Эльнура Мінісқұловаға Жамбыл облыстық «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтың атынан  «Желтоқсан ардагері» медалін табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.