ТӨРТ САРБАЗ ТЕГІН ОҚУҒА СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

0

Елімізде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді Отандық жоғары оқу орындарында тегін оқыту үшін іріктеу өткізілді.

Іріктеу Қорғаныс Министрлігінің «Срочники 2.0» цифрлық платформасында өтіп, сынақтан Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының 4 сарбазы өтті. Дүйсенбі күні арнайы сертификаттарды сарбаздарға Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Данияр Кокбаев өзі табыстап, алдағы оқуда сәттілік тіледі.

Іс-шара Қордайдағы әскери қалашық аумағында өтіп, оған әскери қызметін аяқтаған сарбаздардың туған-туыстары келді. Жиында әскери қызмет мерзімін үздік аяқтап, ЖОО-на грантқа түсуге жолдама алған «Күз 2022» шақырылым сарбаздарына салтанатты түрде сертификаттар ұсынылып, ізгі тілектер айтылды. Сарбаздардың туыс-тары әскерилерге алғыстарын жеткізді. Тегін оқуға жолдама алғандарды тізіп өтсек, олар: Д.Бибосын, Р.Турсунов, А.Шарипқазынов, С.Эрназаров.

Айта кету керек, іріктеуден өтпеген сарбаздар қызметі аяқталған соң екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсе алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.