ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі    № 203ө-ж/қ өкімімен

Байсал Нұрлан Айдарұлы Жамбыл облысы  Қордай ауданы Сұлутөр  ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Байсал Нұрлан Айдарұлы 1992 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылында  дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары.

2014 жылы  Алматы технологиялық   университетін «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігіндегі Елшілігінде консул көмекшісі қызметінен бастаған.

2015-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігіндегі Елшілігінде кезекші комендант, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқытушы, «Номад-Азия-Экспресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер,  2019 жылдың мамырынан бастап 2021 жылдың шілдесі аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.

Үйленген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.